ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Астанада жауын қашан басылады? Синоптиктер болжамы

0

Қазақстан астанасында бұл күндері жаңбыр толассыз жауып тұр. Қазгидромет ауа райының қашан өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, 8 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр сақталады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 13-15 градус жылы.

Бірақ 9 қыркүйекте синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 17-19 градус жылы.

10 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік бағыттағы жел, секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 градус жылы.

11 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы.

12 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 градус жылы.

13 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 18-20 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!