ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024

Ұйқы режимін сақтамайтындар шалдығатын 6 ауру

0

Егер сау болғыңыз келсе және ерте қартайғыңыз келмесе, ұйқыға өмірлік маңызы бар нәрсеге секілді қарау керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заманауи адам басқа нәрселер үшін жиі ұйқысын қияды. Мысалы, емтиханға дайындалу үшін түнде ұйықтамайды, жұмыстағы жобасын аяқтау үшін таңға дейін отырады немесе сүйікті сериалын аяқтаймын деп түні бойы ұйықтамайды.
Алайда дәрігерлер ұйқының маңыздылығы жайлы айтудан шаршамайды. Егер адам ұзақ уақыт бойы дұрыс ұйықтамаса, оның салдары өзін көп күттірмейді. Эндокринолог Зухра Павлова өзінің телеграм-каналында дұрыс ұйықтамаудың салдарлары жайлы айтты.
Эндокринолог Nature журналында жарияланған зерттеу жайлы айтып берді. Зерттеу авторлары 7 мың ересек адамның ұйқы сапасының мәліметтеріне анализ жасаған. Олардың ұйқы сапасын бағалауға арнайы ақылды білезіктер көмектескен. Зерттеуге қатысушылар бұл білезікті жарты жылдан аз емес уақыт тағып жүру керек болды. Зерттеу 4 жылға созылған. Нәтижесінде, ғалымдар адамның нашар ұйқысы мен түрлі аурулар дамуының арасындағы байланысты байқаған. 
Жиі және тұрақсыз ұйқы мазасыз бұзылыс, депрессия, гипертония, семіздік және гиперлипидемияның пайда болу қаупін арттырған.
Сондай-ақ авторлар ұйқы жетіспеушілігі мен артериялық гипертензия арасындағы байланысты байқаған.
Дәрігерлер бұған дейін де нашар ұйқы ерте қартаюға және артық салмаққа әкелетінін білді.
Егер күнде 23:00-ден кейін ұйықтасаңыз және қажетті 8 сағаттан өте көп немесе өте аз ұйықтасаңыз, денсаулыққа зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Ұйқысыздық адамның сырт келбетіне де жағымсыз әсер етеді.
Ұйқыны қалай ретке келтіреміз?
Дәрігерлер күнде бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұруға кеңес береді. Ұйқыны реттеу үшін таңертеңгі ритуалдардан бастаңыз: ең болмағанда 5-10 минут жаттығу жасаңыз, міндетті түрде пайдалы таңғы ас ішіңіз, мүмкіндік болса, таңертең жаяу жүріңіз.
Кешке мына әдеттерді сақтаңыз:

Сағат 14:00-ден кейін құрамында кофеині бар ештеңе ішпеңіз немесе жемеңіз;
Мүмкіндігінше жұмыстағы тапсырмаларды үйге апармаңыз, барлық шаруаны уақытында аяқтаңыз;
Ұйықтарға 3-4 сағат қалғанда кешкі асты ішіп алыңыз;
Ұйықтарға 2 сағат қалғанда белсенді жаттығулар жасамаңыз;
Ұйықтарға 1 сағат қалғанда гаджеттерді әрі ысырып қойыңыз.