ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024

ҰҚК Алматы мен үш облыста арнайы операция жүргізді

0

ҰҚК лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдіктілердің ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл тамызда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді.

"Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктеліп отыр", - делінген хабарламада.

Заттай дәлелдемелер табылды және алынған, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар.

"Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған. Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр".

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!