Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сөйлеген сөзінде Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына қызмет етпеуі керек. Ұлттық қор – ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет", - деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!