ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024

1 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

0

Қазгидромет жексенбі, 1 қыркүйекте Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады: республиканың шығысында күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады.
Республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында антициклон сілемі ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі. Республиканың солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

"Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді деп күтіледі", - деп түсіндірді "Қазгидромет".

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!