“Су басу қаупі“: синоптиктер Жамбыл облысы тұрғындарын ескертті
Қазгидромет Жамбыл облысы бойынша дауылды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2024 жылғы 29-30 тамыз аралығында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте төгілулер мен су тасқыны болуы мүмкін", - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Қауіпті белгілерден асқан кезде өзендердің Жайылма учаскелерінде орналасқан елді-мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!