ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2024

Атырауда өзенге үш жасөспірім батып кетті

0

Атырауда 2008 жылы туған үш ұл Жайық өзеніндегі жабдықталмаған жерде суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түскен.

Оқиға орнына жеткен кезде 2008 жылы туған балалар белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға батып кеткені анықталған. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің денесін судан шығарды.Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасатын болады.

Атырау облысы ТЖД 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!