Антикор құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды тексереді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды сүйемелдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сүйемелдеу нәтижелері бойынша Антикор аумақтық департаменттері 44 проблемалық нысанның құрылысын аяқтауды қамтамасыз етті.
"Олардың ішінде сумен қамтамасыз ету объектілері, Арнайы ХҚКО, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мектептер, медициналық объектілер, тұрғын үйлер, жолдарды жөндеу, көпір салу, бөгет гидроторабы мен қазандықты реконструкциялау бар. Астанада, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарында, БҚО-да 10 мектептің құрылысы аяқталды.
Ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету проблемаларын назарға алып, сүйемелдеу шеңберінде 14 ауылда, оның ішінде Павлодар облысында - 4, ШҚО - 3, Жамбыл облысында - 3, Қостанай облысында - 3 және БҚО - 1 су құбырларының құрылысы аяқталды. Олардың құрылысы бір жылдан үш жылға дейін созылды", - делінген Антикора хабарламасында.
Ведомствоның бастамасы бойынша ұзақ құрылыстардың проблемалық мәселелері өңірлердің әкімдері жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында және қоғамдық кеңестердің отырыстарында қаралды.
Ұрлыққа жол бермеу үшін алдын алу шаралары, оның ішінде ақпараттық хаттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялар, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы шеңберінде қоғамдық мониторингтер қолданылады.
"Шымкентте Ақпараттық хат енгізу арқылы Қонаев даңғылының құрылысы аясында 700 метрге жуық артық тіреу қабырғаларын орнатуға бағыттау жоспарланған 3,2 миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туды - жұмыстар алынып тасталды. Шымкентте ұзақ құрылыстарды сүйемелдеу шеңберінде "сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңға сәйкес құрылыстың кепілдік мерзімдерін айқындау бойынша екіұшты практика белгіленді, кепілдік мерзімі кемінде екі жыл, бұл ретте Азаматтық кодекс бойынша, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі 10 жыл", - деп атап өтті Антикордың баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, кепілдік мерзіміне нақты талаптың болмауы сыбайлас жемқорлықтың болуы қаупін туғызады, өйткені тапсырыс беруші мердігермен алдын ала уағдаластық бойынша кепілдіктің қысқа мерзімін белгілей алады.
"Осыған байланысты Шымкент құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және инфрақұрылым басқармаларының бұйрықтарымен техникалық ерекшеліктерде және мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарда құрылыстың кепілдік мерзімінің кемінде 7 жыл тиісті талаптарын көрсету міндеттілігі бекітілді.
Осыған ұқсас жұмысты Агенттіктің басқа да аумақтық пепартаменттері жүргізеді. Бұл жұмыстың нәтижелері сапаны қосымша бақылауды күшейту және кепілдік мерзімі кезеңінде жөндеу бюджетінің шығындарын азайту. Қазір Агенттіктің бастамасы бойынша құрылыс кодексінің жобасына ең төменгі кепілдік мерзімін кемінде 5 жыл, бұгінде-2 жыл белгілеу туралы нормалар енгізілді", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Агенттіктің сүйемелдеуінде 125 нысанның құрылысы қалып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!