Қарағанды облысында қатты өрт салдарынан бірнеше үй күлге айналды
Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кентіндегі қатты өрт салдарынан бірнеше үй күлге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның егжей-тегжейін Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Түнде Осакаров ауданының Молодежный кентінде бір қабатты екі пәтерлі жеке тұрғын үй өртенді, содан кейін от жақын орналасқан бір типті ғимаратқа өтті", - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер 300 шаршы метр аумақта өртті толығымен сөндірді.
Адамдар арасында құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!