ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2024

Ресей түрмесінен шыққан журналист Алсу Құрмашевамен сұхбат

0
Тоғыз айдан астам Ресей түрмесінде отырған Азаттық тілшісі Алсу Құрмашева Мәскеу мен Вашингтон арасындағы тарихи тұтқын алмасу шарасы аясында бостандыққа шықты. Журналист бірден Вашингтонға оралып, отбасымен қауышты. Қазан қалалық соты "Ресей әскері жайлы жалған ақпарат таратты" деген айыппен оны 6,5 жылға түрмеге жапқан. 5 тамызда Алсу Құрмашева мен күйеуі Павел Буторин Азаттыққа бостандықтағы өмірге қалай бейімделіп жатқанын айтып берді.