ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2024

Қазақстандық Олимпиада рекордын жаңартты

0

Бүгін, 6 тамызда Париж Олимпиадасында спорттық құзға өрмелеу бәсекесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Әмір Маймұратов қорғауда. Атлеттер "жылдамдық" дисциплинасы бойынша бақ сынап жатыр. Олимпиада ойындары аясында іріктеу айналымы өтіп жатыр. Осыдан соң, әрі қарайғы турнир кестесі құрылады.

Маймұратов бірінші мүмкіндігінде олимпиада рекордын орнатты. Оның уақыт көрсеткіші – 4.89.

Айта кетелік, оған дейін де екі атлет Олимпиада ойындарының рекордын орнатқан болатын. Қазіргі таңда алғашқы айналым жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!