ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2024

Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа қымбат көлік сыйға берілді

0

Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа қымбат сыйлық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парижден оралып, Алматы әуежайына түскен дзюдошыларды жап-жаңа Toyota Land Cruiser 250 жол талғамайтын көлігі күтіп алды.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Toyota Land Cruiser 250 2,4 литрлік гибридті турбогенератор және сегіз жылдамдықты беріліс қорабымен жабдықталған. Автокөліктің қуаты - 326 ат күші. Ашық деректерге сәйкес, Қазақстан нарығында құны 31 миллион теңгеден басталады.

Еске салайық, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Олимпиададаның қола жүлдегері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!