"Өмірін 4 млн теңге деп бағалады". Майқайыңда мерт болған құтқарушының қызы әкесі жұмыс істеген мекемемен соттасып жүр
Павлодар облысында алтын кенішінде автобус құлағанда қаза тапқан құтқарушы Олег Тышкевичтің қызы әкесі жұмыс істеген авариялық-құтқару қызметімен соттасып жатыр. Ол мекеме жұмыс барысында қаза тапқан қызметкерінің өмірін төрт миллион теңгеге (сегіз жарым мың долларға жуық) бағалаған дейді. Марқұмның отбасы бұған үзілді-кесілді келіспейтінін айтып отыр.