ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2024

Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

0

Қазгидромет Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарына тағы да ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 1 тамызда Алматы, Шымкент, түнде Астана және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!