ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Алматыда заңсыз салынған таунхаус сүріліп жатыр

0

Алматыда заңсыз таунхаусты бұзуға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы "Шұғыла" шағын ауданындағы Жүнісов көшесі, 135/20 учаскесінде орналасқан нысанның бұзылғаны туралы хабарлайды.

Тұрғындардың өтініші негізінде меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында таунхаустың рұқсат беру құжаттарының толық пакетінсіз, шаруашылық тәсілмен тұрғызылғаны анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарым беру арқылы әкімшілік шаралар қабылданды, оны меншік иесі өз кезегінде орындамады. Басқарма Наурызбай аудандық сотына нысанды бұзуға талап арыз берді. 2024 жылғы 2 ақпанда басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!