ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Ұлытау облысында қаржы пирамидасын жарнамалағандарға қатысты тергеу аяқталды

0

ҚМА Ұлытау облысы тұрғындарына қатысты қаржы пирамидасының жарнамасы мен басшылығы дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы "MetaGo" қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған.

"Аталған азаматтар жоғары табысты уәде ете отырып, облыс тұрғындарының инвестицияларын тартқан. Соталды тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс сомасы 68 миллион теңгеден асты, сондай-ақ 37 миллион теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды", - делінгн хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!