Париждегі Олимпиада: 30 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?
Сейсенбі, 30 шілдеде Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларынан кімдер жарыс жолына шығады? Толық бағдарлама - Tengrinews.kz материалында.
12:00 Мылтық ату, біліктілік, бірінші күн (әйелдер). Мария Дмитриенко қатысады.
13: 00 Дзюдо, 1/16 финал. Ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар Аттила Унгваримен (Венгрия) белдеседі. Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигуль Куюлова Lubjana Рiovesana-мен (Австрия) күреседі.
19:18 Бокс, алдын ала кезең, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал Нұрбек Оралбай мен Callum Peters (Аустралия) шығады.
22:03 Садақ ату, ерлер арасындағы жекелей, 1/32 финал. Ильфат Абдуллин мен Eric Peters (Канада) күш сынасады.
23:00 Бокс, алдын ала кезең, ерлер арасында 51 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Сәкен Бибосинов пен Samet Gumus (Түркия) жұдырықтасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!