ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Қазақстандықтар жыл басынан бері ақылы жолдармен 22 миллионнан астам рет жүріп өткен

0

Қазақстанда жыл басынан бері көлік жүргізушілері еліміздің ақылы жолдары арқылы 22 миллионнан астам рет жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ең көп жүретін бағыт Шымкент-Өзбекстан шекарасы жолы, онда 3,6 миллион сапар тіркелді.
Келесі жолдар жақсы қозғалыс қарқындылығын көрсетті:

Алматы-Қонаев учаскесінде 2,9 миллион сапар тіркелді.
Шымкент-Тараз учаскесінде 2,56 миллион сапар тіркелді.
Тараз-Қайнар учаскесінде 1,9 миллион сапар тіркелді, ол аймақ ішінде қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.
Шымкент-Қызылорда учаскесінде 1,87 миллион сапар тіркелді.
Астана-Теміртау учаскесінде 1,56 миллион сапар тіркелді.
Ал Қонаев-Талдықорған учаскесінде 1,5 миллион сапар тіркелді.
Астана-Щучинск учаскесінде 1,33 миллион сапар тіркелді.
Щучинск-Көкшетау учаскесінде 1,15 миллион сапар тіркелді.
Алматы-Қорғас учаскесінде 929 мың сапар тіркелді.
Астана-Павлодар учаскесінде 910 мың сапар тіркелді.
Көкшетау-Петропавл учаскесінде 572 мың сапар тіркелді.
Павлодар-Семей-Қалбатау учаскесі арқылы 490 мың сапар тіркелді.
Орал-РФ шекарасы (Самараға қарай) учаскесінде 385 мың сапар тіркелді.
Павлодар-РФ шекарасы (Омбыға қарай) учаскесінде 328 мың сапар тіркелді.
Орал-РФ шекарасы (Саратовға қарай) учаскесінде 210 мың сапар тіркелді.
Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) учаскесінде 94,6 мың сапар тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!