Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тарады
Желіде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының жұмысшылары жалыннан күйіп, зардап шеккендерді эвакуациялау видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрлардан алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін күйген адамдар ауруханаға жеткізіліп жатқаны көрінеді. Олардың қатты зардап шеккенін және шок алғанын байқауға болады.
Апат салдарынан барлығы 8 қызметкер ауруханаға жатқызылды, оның 6-ы реанимацияда, оның ішінде бесеуі өте ауыр жағдайда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!