«Қауіпсіз жол»: Жамбыл облысында рейдтің бірінші күні 2500-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Аталған іс-шараның бірінші күні Жамбыл облысында 45 көлік айыптұрағына қойылды. Жол жарақаттануының алдын алу және жол қозғалысын қадағалау тиімділігін күшейту мақсатында «Қауіпсіз жол»жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Негізгі міндет — жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу. Қала сыртындағы трассаларда жүк техникасы мен қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын көліктерге ерекше назар аударылады.
Ресейдтің бірінші күнінің өзінде облыс аумағында 2593 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, мас күйінде көлік құралын басқарған 5 жүргізуші жауапқа тартылды, 47 көлік маневр жасау ережелерін бұзған.
Бұл ретте 99 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал 17 бұзушы бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп кеткен.
Сондай-ақ, көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарған 10 жүргізуші анықталды. 268 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерлерінен өткені үшін жауапкершілікке тартылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
Сообщение «Қауіпсіз жол»: Жамбыл облысында рейдтің бірінші күні 2500-ден астам құқық бұзушылық анықталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.