ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Астанада полицейлер үйректерді құтқару үшін көлік қозғалысын тоқтатты

0
Астаналық полицейлер үйректерді құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ПД мәліметіне сілтеме жасап.
Үйректерді Тұран даңғылы мен Қайым Мұхамедханов көшесінің қиылысында автопатруль байқап қалған. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Абзал Өкен мен Айбек Байбатыров балапандары бар үйректі құтқару үшін көлік ағынын тоқтатуға мәжбүр болған.

"Алайда, балапандарды ұстау оңай болмады. Оларды құтқару үшін қасынан өтіп бара жатқан ер адам қосылып, бірлескен күш-жігермен балапандарды ұстап, патрульдік көлікке салған. Полицейлер үйрек пен балапандарын алып, Сарбұлақ су арнасына жіберген", - делінген хабарламада.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)


Полицейлер жүргізушілерден жолда өте сақ болуды сұрайды.

"Жануарлар мен құстар әртүрлі себептермен жолға түсуі мүмкін. Мұндай жағдайларда жылдамдықты азайтып, кенеттен маневр жасаудан аулақ болыңыз. Аялдаманың сіз және басқа да жол қозғалысы қатысушылары үшін қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін "102" арнасына хабарлаңыз", - деп кеңес берді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!