ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Алматыдағы фонтан маңында болған қайғылы оқиға: өлім себебі әлі белгісіз

0

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта қаза болған 17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі әлі анықталған жоқ. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысында журналистер министрден сот сараптамасының қорытындысын сұрады.

"Өкінішке қарай, әлі ресми медициналық қорытынды алған жоқпыз. Екі күнде бір рет әріптестерім арнайы нақтылайды. (...) Сондықтан күтіп отырмыз. Біз мұны ұмытқан жоқпыз, медициналық сараптаманы (нәтижесін - еск.) күтуге тура келеді", - деді министр.

Сондай-ақ, журналистер субұрқақ турал да сұрады.

"Субұрқақ штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық техникалық сұрақтар тағы да тексерілді, субұрқақтың өзінде ақау жоқ", - деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Министрдің сөзінше, бұл оқиғаға қатысты әрі қарай шешім қабылдау үшін сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күту қажет.
Еске салайық, 19 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы субұрқақта 17 жастағы жасөспірім қаза тапқан болатын.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің өліміне электр тогының соғуы немесе жүрегінің тоқтап қалуы себеп болуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!