ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Газ бағасын кезең кезеңімен көтеру қажет - Энергетика министрлігі басшысы

0

Қазақстанда газ бағасы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстанда тауарлық газдың орташа құны мың текше метріне 33 169 теңге болады. Бұл ретте тауарлық газдың бекітілген көтерме бағасы 23 646 теңге болады.

"Газ саласына инвестиция тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қолжеткізу үшін газ бағасын кезең кезеңімен көтеру қажет, бұл ретте халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеу ескерілуі керек", - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министр Қазақстан 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап ішкі нарықта тауарлық газды көтерме сатудың шекті бағасын орташа есеппен 14,6 пайызға өсіммен қайта қарағанын еске салды.

"Тұтастай алғанда, үш жыл ішінде ішкі нарықта газды шығынсыз сатуға қолжеткізу жоспарланған, бұл елдің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін өтеуге және еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деп қосты Сәтқалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!