Стати ісі аяқталды: Әділет министрлігі мәлімет берді
Қазақстан молдовалық бизнесмендер Анатол және Габриэл Статимен көпжылдарға созылған дауды шешті. Үкімет, Ұлттық банк және Стати тараптары негіздемелік келісімге қол қойды. Бұл туралы Әділет министрлігі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банк мен Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауы және келісімі Стати тараптары Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды бейбіт және өзара қолайлы реттеу туралы заңды күші бар негіздемелік келісімге қол қойды.
Әділет министрлігі мәліметінше, тараптар барлық заңды талқылауларды тоқтатуға және барлық юрисдикциялардағы талаптарды тоқтатуға әкелетін өзара қолайлы шарттарда келісімге келуге қуанышты.
"Біз негіздемелік келісімді қолдаймыз және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметке сай реформаларының бөлігі ретінде Әділ Қазақстан құру туралы шешімін құптаймыз. Осы дауды реттеу Қазақстанның халықаралық шарттық міндеттемелерін сақтауын куәландырады, бұл инвестицияларды ұлғайтуға және оның экономикалық өсу әлеуетін арттыруға жол ашады. Біз Қазақстан үшін жаңа дәуірді құптаймыз", - Дэниел Чапман, CEO Argentem Creek Partners.
Argentem Creek Partners – Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторлары болып табылатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы.
"Осы келісім қоғамдық мүдделерді ескерумен қабылданды және бюджеттік қаражатты жұмсауды көздемейді. Осы қадам елімізге жаңа инвестицияларды тартуға және экономиканың дамуына оң әсер ететініне сенеміз", - әділет министрі Азамат Есқараев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!