ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Қазақстанда жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

0

Жыл сайын жазғы уақытта Қазақстанда жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. "ҚазАвтоЖолда" бұл шаралар жол жабынын сақтауға және жоғары температура жағдайында жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шектеулердің мерзімі өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін, 1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізіледі. Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

Алматы облысы;
Атырау облысы;
Жамбыл облысы;
Жетісу облысы;Ұлытау облысы;Қызылорда облысы;
Түркістан облысы;
Маңғыстау облысы.

Жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:

Абай облысы;
Ақмола облысы;
Ақтөбе облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Батыс Қазақстан облысы;Қарағанды облысы;Қостанай облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!