Жаңа теңгенің енгізілуі: Қазақстанда қандай банкноттар ауыстырылады?
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда алдағы уақытта қандай номиналдағы банкноттар жаңартылады деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жақында "Сақ стилі" сериясынан 10 мыңдық купюра айналымға шықты, оның алдында 5 мыңдық болды. Келесі қандай банкнота кезекте?" - деп сұрады журналистер Сүлейменовтен Ұлттық банкте өткен брифингте.
"Қалғанының бәрі (...) Қателеспесем, ол купюралар бойынша емес қой, бірден бүкіл купюра желісі бойынша ауысады. Яғни, бес, он және қалғаны (олардан кейін – еск.) кетеді: екі мың, мың (теңге)", – деп жауап берді Сүлейменов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!