ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

СҚО-да қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың құқығы бұзылған

0

СҚО-да Денсаулық сақтау саласындағы талдау қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы, мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген.

"Қадағалау органының актісі бойынша азаматтарға мүгедектік белгіленді, бұл оларға әлеуметтік қолдаудың барлық құқықтарын пайдалануға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді. Заңбұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!