ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Қостанай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

0

Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі шахтасында жұмысшы қаза тапты. Қостанай облысындағы кәсіпорында оқыс оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ССКӨБ" АҚ "Соколовская" шахтасында жазатайым оқиға болды.

"-280 метр деңгейжиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты. "ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетіні айтылды. Оқиға қатысты тергеу басталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!