ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Каспий теңізінде 10 жасар бала құтқарылды

0

Каспий теңізінде 10 жасар бала құтқарылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"Бүгін Ақтауда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Каспий теңізінің жағалауын патрульдеу кезінде 2014 жылы туған баланы құтқарып, жағаға шығарды", - делінген хабарламада.

Баланы суға түсіп жүрген кезінде ағын алып кеткені айтылды. Ол үрмелі шеңберде болған.Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет болмағаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!