ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Қайрат Нұртасқа қатысты қылмыстық іс неге тоқтатылды?

0

Көліктегі полиция департаменті Қайрат Нұртасқа қатысты қылмыстық іс неге тоқтатылғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бастапқыда ол азаматқа қатысты "Әуе кемесі бортында жасалған бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас тағы бір жанжалға ілігіп, сотқа тартылғаны белгілі болған еді. Атап айтқанда, ол ұшақта төбелес шығарған.
Астана әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша Қайрат Нұртас 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!