ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қайрат Нұртастың ұсталуы: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

0
Қайрат Нұртастың ұсталуы: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Бүгін Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарай бастады. Сотта Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыровтың арасындағы ұшақтағы төбелестің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Нұртастың сөзінше, мәселе тойда өнер көрсету туралы өтініштен басталған.

"Досым мені тойда өнер көрсетуге шақырды. Мен бара алмайтынымды айтты. Ол мені балағаттай бастады, сөйтіп басымнан екі рет ұрды. Мен де жауап ретінде оны ұрдым. Кейін тыныш отырдым. Бірақ ол келіп, мені тағы ұрды. Бары осы. Тәртіп бұзған жоқпын. Мен жәбірленушімін", - деді әнші.

Ал Асылбек Бекқайыровтың айтуынша, ол расында да, әншіні тойда өнер көрсетуге шақырған, бірақ әнші оған балағаттап жауап берген.

"7-8 рет қоңырау шалдым, ол жауап бермеді. Кейін мен оған дос ретінде қиын сәттерде бір-бірімізге көмектесетінімізді еске салдым. Осы хабарламадан кейін шамамен түнгі екіде ол маған боғауызбен жауап берді. Одан неге бұлай істегенін білуге тырыстым, бірақ кездесе алмадым. Кейінірек, 4 маусымда Астанаға іссапармен ұшып бардым, біз ұшақта кездесіп қалдық. Оған барып, неге олай жасағанын сұрадым, жауап ретінде тағы да балағат сөздер естідім. Біз сөзге келіп қалдық, стюардесса мені ұстап алды. Біз ажыраған кезде Қайрат мені ұрып жіберді. Осыдан кейін екеумізді де орнымызға отырғызды, ұшақ қонған кезде қолымызға кісен тақты. Полиция қызметкерлері бізді аудандық ішкі істер басқармасына апарды", - деді Бекқайыров.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртастың ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін сотқа тартылғаны белгілі болған еді.

Қайрат Нұртас ұсталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!