ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Бүгін Қазақстанның қай өңірлерінде күн ыстық болады?

0

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 4 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүтіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. қ.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 34-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 04 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, тәулік бойы 05 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. 04-05 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, 04 шілдеде облыстың таулы аудандарында, 05 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!