ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке жаңа көлік сыйға берілді

0
ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке жаңа көлік сыйға берілді

Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, сұрақтарға еш мүдірмей жауап берген түлекке күні кеше су жаңа көліктің кілті табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының тұрғыны Жаннұр Еңсебек бұл нәтижеге жету үшін екі жыл тынбай еңбек еткен. Қайсарлығының нәтижесінде талапкер бүгінде 18 миллиондық көліктің иесі атанып отыр.

10-сыныптан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып, мүмкін болған 140 балды жинай алған Жаннұр Еңсебек "Алған әсерімді, ішімдегіні сөзбен жеткізу мүмкін емес" дейді.

"Мен өте қуаныштымын. Келесі жылғы түлектерге сәттілік тілеймін. Осындай балл алу барлығының қолынан келеді деп ойлаймын", - деді мектеп түлегі Жаннұр Еңсебек.

Қарабұлақ ауылындағы №22 орта мектептің түлегі қаңтардағы ҰБТ-дан 121 балл алып, наурызда көрсеткішті 137-ге жеткізіпті. Кейін 140 балды қанжығаға байлаған. Ал тарихи сәтке Жаннұрдың жақындарымен қатар, ұстаздары және достары да куә болды. Олар көлікке қажетті заттарды, атап айтсақ, 250 литрлік жанар-жағармай қоры мен 25 рет көлік жуу қызметі тегін ұсынылатын сертификатты табыстап, ақжарма тілектерін жеткізді.

"Алдағы жылы бірнеше оқушы 140 балл жинайтындай дайындаймыз. Биыл бір ғана түлек осындай нәтижеге ие болды", - деді оқу орталығының басшысы Жұлдызай Мұсаева.

Сондай-ақ Жаннұр Абзалұлының ата-анасына 1 миллион теңге сыйақы табысталды. Жас түлектің анасы Жанар Әубәкірова барша қазақстандыққа алғысын айтты.

"Білім алатын мектепке бәрі байланысты. Әсіресе мұғалімдеріне. Бала бастауыш сыныптан бастап білім нәрін дұрыс алуы қажет. Міне, сол кезде алған білімі бүгін ақталып жатыр", – деді Жаннұр Еңсебектің анасы Жанар Әубәкірова.

Жаннұрмен қатар ҰБТ-ға дайындайтын орталықты биыл 42 мыңға жуық оқушы аяқтапты. Көпшілігі жоғары нәтижеге ие болған екен.

Еске салайық, Жаннұр Еңсебек тестілеуде математика және информатика пәндерін таңдаған. Енді ол өзі қалаған Ақпараттық технологиялар мамандығына, Сүлеймен Демирел атындағы жоғары оқу орнына түсуге ниеттеніп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!