Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді
Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Әуежайда оны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!