ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Үкімет резервтен 12 миллиард теңге бөлді: ол қайда жұмсалады?

0
Үкімет резервтен 12 миллиард теңге бөлді: ол қайда жұмсалады?

Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 миллиард теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Үкіметі алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 миллиард теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады.

"Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмысы басталды. Қазіргі таңда өңірлік комиссиялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 178 өтінімін қарап, мақұлдады", - делінген хабарламада.

Осылайша, Үкімет резервінен 12 миллиард теңгеден астам қаражат ШОБ мүлік шығындарын өтеу үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджетіне аударылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!