ru24.pro
World News in Kazakh
Июнь
2024

Астананың өрт сөндірушілері оқиға орнына сусыз келгені рас па? ТЖМ пікір білдірді

0

Астанадағы тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Әлеуметтік желіде өрт сөндірушілер оқиға орнына сусыз келгені туралы ақпарат пайда болды. Tengrinews.kz тілшісі елордалық ТЖ департаментінен істің мән-жайын анықтады.

Конституция көшесі, 20/2 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдегі өрттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Жазба авторының айтуынша, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жеткілікті түрде жабдықталмаған, сондықтан өрт бір пәтерден екіншісіне өтіп кетті.

View this post on Instagram

A post shared by АСТАНА | ЖАЛОБЫ | ОТЗЫВЫ ????????????️ (@zhaloby.astana)

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусымда сағат 09:12-де елорданың Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері Конституция көшесі, 20/2 мекенжайына барды. Олар оқиға орнында алты қабатты тұрғын үйдің 4-қабатының балконында үй заттары мен жиһаздар өртеніп кеткенін анықтаған.

Фото: ҚР ТЖМ

"Өрт 40 минут ішінде толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер келгеннен кейін жауынгерлік өрістету жүргізілгенін, өрт сөндіру техникасы толық дайындықпен және сумен келгенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

ТЖМ баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне тұрғын үйде бір пәтер мен төрт балкон өртенгенін, яғни жанған балконнан шыққан түтін көршілерге таралғанын түсіндірді. Бұл әлеуметтік желілердегі кадрлардан көрінеді.

Бұдан бөлек, министрлік өкілдері өрт сөндірушілер оқиға орнына ешқашан сусыз бармайтынын жеткізді. Төтенше жағдайды жоюға дайын болмағаны үшін олар қылмыстық жауапкершілікке дейін ауыр жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!