Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Алматыда Қожанов көшесі бойынша 1,24 шақырым жылумен жабдықтау желілері ауыстырылады. Осыған байланысты учаскеде көлік қозғалысы жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәліметіне сілтеме жасап.
27 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматының Бостандық ауданында Алмагүл шағынауданының 15 үйінен Жароков көшесіне дейін Қожанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады.
Қозғалыс екі жаққа да жабылады.
"1976 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1240 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!