ru24.pro
World News in Kazakh
Июнь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30

"Барлығы жараланған": Алматыда болған автобус апатының куәгерлері

0

Куәгерлер Алматыдағы автобус апаты қалай болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны Алсу Дүйсенбаева оқиға болған жерге жақын маңда жұмыс істеген. Түскі астан жұмысқа қайтып келе жатып, Мақатаев көшесіндегі аялдамаға жеткенде, қатты дауыс естіген, бұрылып қарағанда, шаң шығып жатқаны байқалған.

"Жұрт оқиға болған жерге қарай жүгіріп бара бастады. Шаң тараған кезде автобус апатқа ұшырағанын көрдім. Қалай болғанын нақты білмеймін. Шошып қалдым, мұндайды бірінші рет көруім. Халық оқиға болған жердің маңында тұрды, бей-жай қарамағандар әйнекті сындырып, зардап шеккендерді автобустан шығара бастады. Артқы орындықтарда отырғандар көп зардап шекпеген сияқты. Қызыл футболка киген бір жігіт шығыққанын көрдім, "анам бұл туралы білмесін" деп айқайлай бастады. Жанына барып, жағдайын, көмек керек пе деп сұрадым. Ол жараларын таңу керегін айтты. Әйнек сынықтары кіріп кеткен, тіпті аузынан да әйнек сынықтары шыққан сияқты. Оған майлық, антисептик - сөмкемде бар нәрсені бердім. Кейін жедел жәрдемге қоңырау шала бастадым, бірақ қоңырауды алмады. Он минуттан кейін алғашқы жедел жәрдем көліктері келді", - деді Алсу.

Қыздың айтуынша, оның әріптесі жол қанға боялғанын көрген. Куәгерлер зардап шеккендерге қолдан келгенше көмектесуге тырысқан. Алсудың айтуынша, апат кезінде автобус лық толық болған.

Тағы бір куәгер бәрі автобустағы адамдарға көмекке ұмтылғанын айтты.

"Адам көп болды, автобус лық толы еді. Барлығы жараланған. Бір адам қысылып қалған. Жедел жәрдем бес минут ішінде келді", - деді куәгер.

Алматыдағы автобус апаты: оқиға орнында түсірілген кадрлар

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!