Алматыда қыз тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кетті
Алматыда қыз тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан құлап кетті. Полиция департаменті мәліметінше, ол қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Әлеуметтік желіде қыздың болжам бойынша 6-қабаттағы терезе шетіне шыққаны түсірілген видео жарияланды. Сосын ол қатты күліп, билей бастайды. Бір сәтте, куәгерлердің айтуынша, ол құлап кеткен.
Алматы Полиция департаменті бұл факт "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.
"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!