ru24.pro
World News in Kazakh
Июнь
2024

Алматы маңында 3 жасар қыздың жоғалып кетуі: іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

0

Алматы облысы Күш ауылында үш жасар Айя-Софияның жоғалып кеткеніне үш айдан аса уақыт өтті. Полиция істің қалай жүріп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, сәби әлі табылмаған.

"Кәмелетке толмаған баланың жоғалуы туралы тергеу жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстары тоқтатылған жоқ. Оларға полиция қызметкерлері, тұрғындар мен еріктілердің барынша көп саны жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сондай-ақ, полиция наурызда баланы өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың әлі де қамауда екенін атап өтті.
Еске салайық, Алматы облысының Күш ауылында үш жасар Айя-София жоғалып кеткен болатын. 17 наурызда ол үйден шығып кеткен, содан кейін оны ешкім көрмеген. Полицияға баланың анасы хабарласқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!