Көлік министрлігі электрмобильдер санының өсуін болжады
Соңғы жылдары әлемдік трендке сай, Қазақстанда да электрмобильдер саны артып келеді. Бұл саланы одан әрі дамыту үшін жағдай мен инфрақұрылым қажет. Еліміздің Көлік министрлігі сервис қашан дамитыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қалыптасқан үрдісті ескере отырып, тиісті инфрақұрылымды, сервисті, техникалық қызмет көрсету және электромобильдерді қолдау шаралары қабылданған жағдайда, Қазақстанда электрмобильдер санының 5-10 жылдан кейін айтарлықтай өсуін болжауға болады.
Қазір Қазақстанда бұл үшін кешенді жоспар әзірленіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!