ru24.pro
World News in Kazakh
Май
2024

Алматыда ер адам тонаушыларды туысының үйіне алып кірген: видео

0

Алматы полициясы тонау қылмысын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Достық ықшамауданында орналасқан үйге жасалған тонау түнгі уақытта жасалған: белгісіз біреулер үйге кіріп, ақша мен газ тапаншасын алып кеткен.

"Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Төрт күдікті ұсталып, қамауға алынды. Олардың арасында, үй иелерінің жақын туысы бар. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілердің екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Ұсталғандардың жеке басы ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!