ru24.pro
World News in Kazakh
Май
2024

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 21, 22 және 23 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамы бойынша, еліміздің көп бөлігінде жаңбырлы ауа райы кезеңі жалғасып жатыр. Атмосфералық фронттар әсерінен найзағай ойнап, бұршақ пен қысқа мерзімді жаңбыр жауады және барлық дерлік аудандарда жел күшейеді. Тек батыс аймақтарда кейбір күндерде, жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтайды және түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік болжанған.

"Ал оңтүстік-батыс ағындары мамыр айындағы климат аясында температураның жылынуына әкеледі: батыс, оңтүстік аймақтарда 18-28 градус жылыға дейін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градус жылыға дейін жоғарылайды, тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде 7-15 градус жылыға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!