ru24.pro
World News in Kazakh
Май
2024

Алматыда әйелін өзгелердің көзінше ұрып тастаған ер адам қамауға алынды

0

Алматыда әйелін жұрттың көзінше ұрып тастаған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда ер адам әйелін жұрттың көзінше ұрып тастаған. Ер адам әйелге 55 секундта 12 рет қол көтерген.

Оқиға лифттің жанында болған. Ер адам әйелін қуып артынан келеді. Бір сәтте ер адам әйелге қол көтере бастайды. Ал қасында тұрған ер адамдар көмектеспей, қарап тұрады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ұсталды және полиция департаментнің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!