Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Ақан Рахметуллин сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ол Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!