ru24.pro
World News in Kazakh
Май
2024

Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты жазаның қатаңдауы туралы айтты

0

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты үкімнің өзгеруіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент кулуарында журналистер Тұрлыхановтан ұлына қатысты сот үкімінің өзгеруі туралы ойын сұрады.
"Айтып жіберіңізші, кеше соттың апелляциялық алқасы (үкімді өзгертті)...", - деп сұрағын бастады журналист.

"Ұлыма қатысты? Ата-ана ретінде әрқашан ұлым үшін алаңдаймын", - деп жауап берді Тұрлыханов.

Осыдан кейін депутат жиналысқа баруы керек екенін айтып, лифтке кіріп кетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!