Қаңтар құрбандарының ата-аналары қаралы көрмеге келді
![Қаңтар құрбандарының ата-аналары қаралы көрмеге келді](https://gdb.rferl.org/01000000-0aff-0242-d8ae-08dc6b7fc19d_tv_w800_h450.jpg)
Қаңтарда туыстары қаза тапқан бір топ адам Алматыда өтіп жатқан JAD көрмесіне келіп, марқұмдарды еске алды. Бірнеше ата-ана оққа ұшқан балаларын сотпен ақтауды, арнайы статус беруді талап етті. Суретші Асхат Ахмедияровтың JAD көрмесі Қаңтар оқиғасына арналған.