ru24.pro
World News in Kazakh
Май
2024

Бишімбаевтың адвокаты қорғауындағы адамның "өлімі" туралы мәлімдеді

0
Бишімбаевтың адвокаты қорғауындағы адамның

Соттағы жарыссөзде сөз сөйлеген сотталушының қорғаушысы Назкен Құсайынова сол түні Салтанат Нүкенова ғана қайтыс болмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокат Назкен Құсайынова Бишімбаев сүйікті әйелі өлім аузында жатыр деп күдіктенбегенін атап өтті. Оның айтуынша, Бишімбаев оның "ұйқысын" қате түсінген.

"Салтанаттың қайтыс болғанын түсінемін, бірақ ол мында тірі отыр деп ойламаймын. Балалары бас тартты, бәрі қанішер дей бастады. Бірақ ол қанішер болып жүрмеуі керек. Көріп, дұрыс шешім қабылдау сіздердің қолыңызда (алқабилер - еск.)", - деді Назкен Құсайынова.

Қорғаушының айтуынша, күдікті "сотқа барлық дәлелдемелерді, телефонын беріп және шындықты айтқан". Сондай-ақ, Бишімбаевтың телефонындағы бейнематериалдарды атап өтті: Құсайынованың айтуынша, олар келесі күні Салтанатқа көрсету үшін түсірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!