ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2024

Тоқаев Қатар сапарын қорытындылап, видео жариялады

0
Тоқаев Қатар сапарын қорытындылап, видео жариялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындысын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Instagram-парақшасында Қатарға сапары туралы бейне шолуды жариялады.

"Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен мазмұнды келіссөз нәтижелері бойынша қазақ-қатар қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ерекше сипатын сапар аясында қол қойылған өте маңызды құжаттар дәлелдейді. Қатар Мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз", - деп жазды Президент.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!