ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2024

Қазақстандық әйелдердің алимент бойынша қанша қарызы бар?

0

Әділет министрлігі алимент бойынша қарызы бар қазақстандықтар туралы дерек келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындау департаменті алимент бойынша борышкер 275 094 қазақстандық бар екенін хабарлады. Оның үстіне олардың қарыз сомасы 20 миллиард теңге болады.
Борышкерлер арасында:

266 877 ер адам немесе борышкерлердің жалпы санының 94,5 пайызы, берешек сомасы - 18,9 миллиард теңге;
8217 әйел, яғни борышкерлердің жалпы санының 4,5 пайызы, қарыз сомасы 1,1 миллиард теңгеге жуық.

Әділет министрлігі мәліметінше, егер борышкер атқару құжаты бойынша өзіне жүктелген міндеттемелерді дәлелсіз себептермен мерзімінде орындамаса, онда сот орындаушысы сотқа лицензиялар, рұқсаттар мен арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ егер олар бұрын берілген болса, олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныс жібереді.

"Егер үш ай ішінде жалақыдан немесе өзге де кірістерден алимент өндіру мүмкін болмаса, сот орындаушысы берешекті анықтау туралы қаулы шығарады. Осыдан кейін борышкердің мүлкі өндірілуге ​​жатады", - деді министрлік өкілдері.

Сонымен қатар, атқару парағы бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін борышкер әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

"Осы мақсатта сот орындаушысы тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс жібереді. Қазақстанда 5873 әйел мен ер адам әкімшілік, 269-ы қылмыстық жауапкершілікке тартылдыған, - деп қорытындылады Әділет министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!